Жарнама
Білім

Кедергісіз келешек: Әр бала мектепке лайықты

Атырау қаласындағы М.Мөңкеұлы атындағы №6 мектепте инклюзивті білім беру бойынша тьюторлық сүйемелдеумен оқытылатын арнайы кабинет ашылды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасымен қолға алынған бұл жұмысты «Болашақ» қоғамдық қоры жүзеге асырды.

IMG_5865

Аталған қор 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке лайықты» жобасымен жұмыс жүргізуде. Жоба шеңберінде қазақстандық мамандар шетелдерде оқып, халықаралық деңгейдегі тәжірибелерді меңгерді. «Арнайы сыныптағы оқыту америкалық маманның инклюзивті білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдері негізінде іске асуда. Яғни, мұндағы бір ерекшелік – балалар тьютордың көмегімен оқытылады. Бүгінге дейін Қазақстанның жиырма қаласында 600-ден астам маман оқытылып, 248 аутизм және дамуында басқа да ерекшелігі бар балалармен жұмыс жасауда. Қазір көпшіліктің «ерекше балалар-ға» деген көзқарасы бірдей емес. Ал, аутизм диагнозы бар бүлдіршіндер өзгелермен қатар білім алуға қауқарлы, әрі оларға тек қолдау көрсету маңызды. Бұл – біздің басты мақ-сатымыз» дейді «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Динара Шәйжүгінісова.

Арнайы кабинет қажетті құралдармен жабдықталды. Қазір мұнда алты «ерекше бала» мен төрт тьютор қызмет етеді.  Тьюторлар – жоғары оқу орнын бітірген психолог-дефектолог мамандар. Олар балалардың қалыпты жағдайдағы оқушылармен бірге білім алуына жәрдемдесіп, шаршаған кезде арнайы кабинетке апарады. Мұнда баланы тынықтырып, батутқа ойнатады. «Ассоцация» деп аталатын тәсілдермен әр баланың өзіне тән кестесіне сай жұмыс жүргізіледі. Балғындарды оқуға ынталандыру үшін тәттілер ұсынылып, марапатталады. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстың барлығы олардың қоғамға сіңіп, мектеп өміріне бейімделуіне ықпал етеді.

Кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан нұротандықтар мен білім беру басқармасы мамандары облыста алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынған қызметті әрі қарай біртіндеп жалғастыруға қолдау көрсететіндіктерін айтты.

 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button