Сағадиев ең қажетті мамандықтарды атады

b8abe75512cbb1fa97c85eb93a99635b Білім

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашақта талап етілетін мамандықтарды атады.

b8abe75512cbb1fa97c85eb93a99635b

«Барлық мамандық сұранысқа ие болады. Жалпы мен философ мамандығын бітіргенмін. Қарап отырсаң ешкімге қажеті жоқ мамандықтың пайдалы болды. Гуманитарлық ғылымдарға ерекше көңіл бөлінуі керек. Өйткені мәселе бағытта емес, маңыздысы өз пәніңді терең білуде», – деді министр.

Ерлан Сағадиев болашақта өз ісінің шеберлері сұранысқа ие болатынын түсіндірді.

«Стоматология, философия, психология, теміржол құрылысы – бәрі де сұранысқа ие болады. Мәселе, өз пәніңді қаншалықты жақсы білесің, студенттер немесе ғалымдардың рейтингісінде қандай орын аласың, осылар маңызды. Сондықтан мәселе пәнде емес, білімнің тереңдігінде», – деді білім және ғылым министрі.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз