Жарнама
Білім

Білім беру қауіпсіздігін арттыруда жаңа ынтымақтастық басталды

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры және «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл келісім аясында аймақтағы орта білім беру мекемелерінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және оқушыларды қоғамдық қызметке тартуға бағытталған бірқатар бастама жүзеге асырылмақ.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, «SAQ-2024» жобасы шеңберінде мектептерде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін арнайы оқу бағдарламалары енгізілуде. Сонымен қатар, жоба оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыруға және әлеуметтік белсенділігін қолдауға бағытталған.

Жоба аясында оқыту үдерісіне инновациялық әдістер мен цифрлық технологиялар енгізіліп, оны тиімді үйренуге мүмкіндік береді. Оқушылар төтенше жағдайларға дайындық жаттығуларын ойын түрінде ұйымдастырылатын сабақтарда меңгеріп, қауіпсіздік дағдыларын дамытады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button