Атырауда мектеп түлектеріне 4000 грант бөлінді

screenshot 20220518 134857 Білім

Бұл туралы мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға арналған «ашық есік күні» шарасында Атырау облысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова айтты.

Президент тапсырмасына сәйкес бөлініп отырған грант түрлі кәсіптік, техникалық бағыттағы мамандықтарды қамтып отыр.

Атап өтерлігі, түлектерге арналған «ашық есік күні» екі күнге созылады.
Абай орталығында өтіп жатқан жәрмеңкеге Астана ІТ университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өкілдері қатысып, оқушыларға мамандық таңдаудың маңызы, заманауи мамандықтар туралы ақпараттармен бөлісті.

Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша 200 мектеп бар. Биыл облыс бойынша 5999 түлек мектеп бітіреді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз