Білім

Атыраулық жас ғалымның жобасы халықаралық ғылыми қауымдастықтың назарын аударды

Халықаралық ProNrgFest ғылыми-отбасылық фестивалінде Атыраудағы JasSpace командасынан «Химия» курсының тәлімгері Әсел Оңдашова жұмыртқа қабығынан жасалған биопластик жобасын таныстырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атыраулық жас ғалымның жобасын жоғары бағалаған шетелдік сарапшылар экологиялық жобаға ерекше қызығушылық танытты.

«Жұмыртқаның қабығын қоқысқа тастамай, оны кәдеге асыруға болады. Жұмыртқаның қабығынан алынған биопластик қолданыстағы баламаларға қарағанда 7000 есе икемді болды.Бұл биопластикті азық-түліктерді қаптауға,  жұмыртқа контейнерлерін өндіруге қолдануға болады», — дейді Әсел Оңдашова.

bd8e9163 6d6b 41e0 a5a0 e5c667c30e32

«Атыраулық JasSpace командасының Елордада тәжірибе алмасу сапарының мақсаты – оқыту процесінде STEAM  білім беру әдісін кеңінен енгізу. JasSpace командасымен бірге, бұл сапарға Абай орталығының өкілдері, STEAM әдісін қолдана отырып, ашық сабақ өткізу конкурсында үздік шыққан  ауылдық жерлердің мұғалімдері және консультативтік кеңес мүшелері де барды. Сапар аясында біз Астана халықаралық мектебі, Астана қаласындағы №42 мектепте, Quantum STEM School, SANA оқу орталықтарында болып, тәжірибе алмастық» дейді JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Еске сала кетелік, «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып отырған JasSpace кеңістігі еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі STEAM  білім беру орталығы болып табылады.

Атырау облысында 2022 жылғы мамыр айында жұмысын бастаған JasSpace кеңістігінде 16 курс бойынша оқу бағдарламасы жасалды, 6000-нан астам оқушы ұзақ мерзімді курс, шеберлік сағаттары, жазғы мектеп жобалары аясында білім алып шықты. Осы мерзім ішінде оқушылар 210 ғылыми жоба жасап шығарды.

57  оқушы робототехника және STEAM жобалар бойынша өткен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 221 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button