Атырау Музыка колледжі футзалдан чемпион болды

3196 10188839551976 0 Білім

Жиырма сегізінші қысқы Универсиада ойындары қарсаңында «Apec Petrotechniс» колледжінде «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ұйымдастыруымен футзалда «Өнер мен спорт егіз» ұранымен турнир өтті.

3196_10188839551976_0

Додаға Атырау қаласындағы мәдениет мекемелері мен музыкалық оқу орындарының командалары қатысты. Атап айтсақ, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі, «Қайыршақты балалар саз мектебі», «Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі», «Сармад этнофольклорлық ансамблі», «Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы», «Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония» командалары алаңда өзара бақ сынасты.

Шараның ашылу салтанатында «Apec Petrotechnic» колледжінің директоры Ермек Күзенбаев: «Өнер адамдары бүгін спортқа да жақын екендігін көрсетті. Мұндай шаралардың, әсіресе, жастарды жаман әдеттен арылтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор септігін тигізеді», – деп өз пікірін білдірді.

Тартысты ойындар нәтижесінде қарсыластан басым түскен «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жеңіске жетті. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның ұжымы күміс жүлдегер атанса, «Сармад этнофольклорлық ансамблі» командасына ІІІ орын бұйырды.

 

Гүлнәр САДУАҚАСОВА,

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры:

«Спортшыларымызды  қолдайық»

Қысқы Универсиада дүниежүзілік ойындарының елімізде өткізілуі – бұл тек спорттық жетістік қана емес, бұл – мемлекет мерейінің асқақтауы, Елбасының көрегенді саясатының арқасы. Мемлекет басшысының бұқаралық және жоғары жетістіктер спортын дамытудағы ерекше рөлін айшықтай түсіп, қазақстандықтарды, соның ішінде, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға біріктіре түсері сөзсіз.

Спортшыларымызды қолдау мақсатында осы турнирді ұйымдастырдық. Әлем алдында көк Туымызды биікте қалықтатып жүрген спортшыларымыз бұл сында да жоғары дәрежеден көрінсін.

Әсемгүл УТАЕВА,

Ақерке БАЙМҰРАТОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің студенттері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз