Атырауда инновациялық BINOM мектебінің саны артпақ

alьbom эp shkola 11.03.2024 parkovki pod shkoloj 11 stranica 06 1 Білім

Заманауи үлгідегі мектептер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынады. Жаңа ғимараттар Авангард ықшамауданы мен Жәңгір хан–Тұмар ханша өткелдері қиылысқан ауданда бой көтермек. Құрылыс жұмыстары биыл тамызда басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Мердігер мекеме «Binom Barys» ЖШС және «Engineering center» ЖШС болып белгіленді. Әр мектептің сыйымдылығы – 2000 орындық, жалпы аумағы – 22 836 шаршы метр. Жобаға сәйкес, 106 оқу кабинеті, информатика, химия, физика, және биология сыныптарына арналған зерханалар, үлкен және кіші спорт залдары және 520 орындық асханасы салынады.

Кабинеттер пішіндер мен материалдармен шығармашылық эксперименттер үшін 3D-принтер, металл және ағаш ою шеберханалары, мата өңдеу мен технология шеберханалары, аспаздық шеберханалар, робототехника кабинеті және «Steam» білім беру кабинеті, әр оқушыға арналған жеке локерлермен және бейнебақылау камерасымен жарақталады.

Мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқу ортасы жасалады. Ғимараттар жеделсатымен және пандустармен жабдықталып, үстелдер қажетті биіктік бойынша реттеледі. Сонымен қатар, әр қабатта оқыс жағдайларда қызметкерлерді шақыру батырмасы қондырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз