Үздік шыққан дарындар тегін білім грантын алады (+ ФОТО)

3 Білім

Атырауда «Дарын» білімділер сайысы бастау алды. Облыста екінші мәрте ұйымдастырылған аталған білім додасының іріктеу кезеңі Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өтті. «Жастар жылы» аясында қолға алынған сайыста қала, аудан мектептерінің оқушылары тест сынақтарын тапсырды. 

3

 Жан-жақты, әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған оқушыларды көпшілікке таныстыру мақсатын көздеген жарысқа қатысуға 730 бала өтініш білдірген. Бұл кезеңнің шарты – оның ішінен ұпай саны жоғары деген алғашқы 32 оқушыны іріктеп алу. Кейін олар сегіз топқа бөлініп, өзара білім сайысын өткізеді. Жоба облыстық білім беру басқармасы, Атырау қалалық білім бөлімі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Атырау облыстық «Білім – инновация» лицейінің қолдауымен «Мирасқор» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асады. Ал, түсірілім жұмыстарына «Ембімұнайгаз» компаниясы  демеушілік көрсетеді.

Бұған дейінгі білім сайысының алғашқы іріктеу сайысы бір күні бір уақытта қала және аудан орталықтарында өтті. Ұйымдастырушылар тарапынан аудандарға арнайы өкілдер барып, тестілеу өткізді. Аудандарда барлығы 96 мектептен 480 оқушы тестілеуде алған білімдерін сынады. Ал, Атырау қаласында  50 мектептен 250 оқушы бұл күні өз білімдерін сынап, тоғыз пәннен құрылған жүз сұрақтан тұратын тест сауалдарына жауап берді. Сегіз іріктеу, екі жартылай финал және бір финалдық ойын өткізуді жоспарлап отырған жоба қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушыға республикалық университеттің біріне тегін оқу гранты берілсе, екінші, үшінші және төртінші жүлде алған үш қатысушыға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне тегін оқу гранты табысталады.

42bdfaf7 8873 4516 ac53 6b9a9b9ab272
21528441 3787 45ba 84ef 1994a662f91d
ebfe5955 abc3 4e21 8fe5 2fa8948ec285
484d11b7 0384 4a0a a65d 2b121e51dfe4

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз