Жарнама
Білім

Атыраудың үздік оқытушысы анықталды

Қазақ тілін ересектерге оқыту – тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл салада оқытушының кәсіби шеберлігі мен әдістемелік жаңашылдығы ерекше рөл атқарады. Осы мақсатта Атырау облысында тіл мамандарының шығармашылық әлеуетін дамытуға, озық тәжірибелерін насихаттауға және кәсіби ынталандыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның бір айғағы – «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы.

3beb8794 7e11 4fe2 9538 7c1ee45bfe36

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау қазақ тілі оқытушылары арасында өткізілді.
Байқауға қатысушылар кәсіби шеберліктерін, жаңашыл әдіс-тәсілдері мен тіл үйретудегі креативті көзқарастарын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Олар заманауи оқыту әдістерін ұсынып, қазақ тілін меңгертудегі тиімді жолдарымен бөлісті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқытушылар арнайы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


43fffb07 1ffa 43f6 81fa 65f915ce6586

Бас жүлдені Атырау Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қазақ тілі оқытушысы Айгүл Жұмағалиева иеленді. Ол қазақ тілі оқытушылары арасында өтетін А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауға жолдама алды.
Ұйымдастырушылар байқауға белсене қатысқан барлық оқытушыларға ризашылықтарын білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтады. Мұндай байқаулар қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға, оқытушылардың кәсіби дамуына және тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button