Жарнама
Білім

Ғалым-ұстаздың мерейлі сәті

​Х.Досмұхамедов атындағы Атырау универсиетінде «Тәуелсіз Қазақстанның білім мен тәрбие, ғылым философиясының өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

​Ол жерлесіміз, есімі елімізге белгілі ғалым, ұстаз, философия ғылымдарының докторы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақсан мемлекеттік медицина университі әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының прфессоры, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласы мен Атырау облысы Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Алтай Тайжанұлы Тайжановтың 75 жасқа толу мерейтойына арналды.

img 2270

Конференцияны «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» АҚ Басқарма төрағасы – университет ректоры Саламат Идрисов ашып, қатысушыларды мерейгердің өмір, еңбек жолымен таныстырды. Ғұмырының саналы бөлшегін өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне арнаған ұстаз-ғалымды мерейлі тойына орай жерлестері атынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, бір ауылда туып-өскен, бір мектепте оқыған сыныптас-құрдасы, Атырау университетінің профессоры Бақыт Барсай, ғылым кеңес мүшеоері атынан филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп және басқалары құттықтап, жылы лебіздерін арнады, сый-сияпаттарын ұсынды.

img 2268

Соңынан мерейлі жас иесі Алтай Тайжанұлы өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button