11 колледж PlatonusCollege электрондық жүйесіне қосылады

WhatsApp Image 2018 08 25 at 17.52.02 Білім

Аймақта білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында «жол картасы» әзірленді. Бұл жұмыс облыстың кәсіптік-техникалық колледждерінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда бір колледж «PlatonusCollege» автоматтандырылған электрондық жүйесіне қосылған. Жақын арада осы жүйеге тағы 11 колледжді қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе студенттерді оқу орындарына қабылдау үдерісін автоматтандырады және оқу процессінің жүйесін және оқу үрдісін бақылауды жеңілдетеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-25 at 17.52.02

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жанбота Қабдықаримов, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ербол Бекмұхамбетов қатысты.

Баяндаушылар Қазақстанда енгізілетін оқытудың жаңа формалары, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі, үш тілде білім беру жүйесі туралы айтып берді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев конференция жұмысын қорытындылап, білім беру саласында үлкен жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.

Экономиканы дамыту үшін бізге кәсіби кадр қажет. Мемлекет басшысы бұл міндетті біздің алдымызға қойып отыр. Қазірдің өзінде жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік артып келеді. Олар мектеп кезінен бастап дайындалуы керек. Бұл сіздер үшін маңызды міндет. Біз білім беру саласында туындайтын барлық мәселелерді жылдам шешуге тырысамыз. Жаңа мектептер, балабақшалар салынып жатыр, облысқа қажетті мамандарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сіздерге жас ұрпақпен жұмыс істеуде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған, – деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-08-25 at 17.52.04 (1)

Облыс әкімі облыстың педагогикалық ұжымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар мен жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ, конференцияда облыстың бірқатар оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері төсбелгілер мен дипломдармен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз