Жарнама
Білім

Атырауда орыс сыныптарында мұғалім тапшы

Бүгінде Атырау облысында мектептерде мұғалім тапшылығы әлі де бар. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Орынтай Бианованың айтуынша, қазір 25 орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі, 21 орыс сыныптарындағы математика пәнінің мұғалімі жетіспейді.

Республика Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымда «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» №390 қаулысы қабылданған. Өңірдегі педагогикалық кадр тапшылығын осы қаулының негізінде және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бөлінген гранттар арқылы шешімін таппақшы. Ал, 2022 жылдан бастап педагог қызметкерлер министрліктің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 3-тармағына сәйкес конкурстық негізде қызметке орналасып келеді. Осыған байланысты ұстаз мамандығы бар азаматтар білім беру мекемелерінің және білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда немесе enbek.kz порталында жарияланған конкурс өткізу туралы хабарландырудың негізінде мамандар тізімінде болса, конкурсқа қатысу үшін құжат тапсыра алады, — деді Орынтай Молдашқызы.

Жасыратын не бар, түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан шәкірттің барлығы бірдей заманға сай сән-салтанаты келіскен даңғарадай мектепте оқып жатқан жоқ. Демек мәселе ғимаратта емес, ұстазда екені анық. Ал, нағыз ұстаз мадақ пен мансап үшін емес, шәкіртіне үйретсем деген ниетпен тер төгеді. Мұндай майталмандардан Атырау өңірі де кенде емес. Дегенмен, облыста орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен кадр тапшылығы маңызды мәселеге айналып тұр.

Айта кету керек, жергілікті әкімдік гранты бөлінгенімен қазақ мектептерінде дәл осы пән мұғалімдеріне мұқтаждық әлі де жоғары. 2017 жылдан бері орыс сыныптарында жетіспейтін педагогтерге көңіл бөлініп, үміткерлерге жергілікті білім беру гранттары беріліп келе жатса да, орыс сыныптарына сабақ беруге өз еркімен келісіп, құжат тапсыратындар тым аз екен.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button