Ерасыл – «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатының жүлдегері

img 9567 Білім

Биылғы 5-9 қыркүйек күндері Польшаның Гданьск қаласында «Euroskills –2023» халықаралық чемпионаты өтті. 
Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы облыстық Әдістемелік орталықтың instagram-парақшасында жарияланды.

 “Үш күнге созылған «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатына қатысқан 32 мемлекеттің ішінен біздің жастарымыз Қазақстан туын биікке көтерді. 

818f43a5 b6b6 4931 9496 07c08177cbf7

Ұлттық команда құрамында облысымыздан қатысқан С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Бағытжан «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша ел намысын қорғап, халықаралық чемпионатта «Үздік маман» және «Ұлт мақтанышы» медальондарымен марапатталды”,- деп жарияланған.

 Айта кетейік, чемпионатта Қазақстан Ұлттық құрама командасының 28 қатысушы 25 құзыреттілік бойынша бақтарын сынаған болатын.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз