Білім
Атырауда оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау жалғасуда
Бүгінде Атырау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына 7 844 бала қабылданды. Оның ішінде қазақ сыныбына — 6 245, орыс сыныбына — 1 599 бала құжат тапсырған. Жаңа оқу жылындағы қазақ тілді 1-сынып саны 273-ті, орыс тілді 1-сынып саны 63-ті құрайды.
Қазіргі таңда оқушыларды алғашқы сыныпқа қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда. 30 шілде Egov порталы арқылы құжаттарды онлайн тапсыру аяқталған болатын.
25-тамызға дейін ата-ана келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Баланың екі дана 3*4 суреті;
Туу туралы куәлігі;
Форма 26, 65;
Ерекше жағдайдағы бала болса, ПМК қорытындысы қажет.