Атыраулық тәрбиеші «Үздік педагог» атанды

img 20220802 wa0018 1 Білім

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауында Исатай ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Қарақат Жақсымбетова 1 орын иеленді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қолдау және ынталандыру, сондай-ақ тәжірибе жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 17 тәрбиеші қатысқан. Жеңімпаз атанғаз жерлесіміз Қарақат Төлегенқызы «Баланы оқыту мен дамыту процесінде ментальді арифметиканы игерудің тиімділігі» тақырыбында шығармашылық жұмыс қорғаған.

-Ережеге сай «Мен – педагогпын» атты кезеңде әрбір қатысушыға берілген уақыты бойынша онлайн сұхбат алаңына шықтым. Өз шығармашылық жұмысымды қорғап, байқаудың қазылар алқасы қойған сұраққа жауап бердім. «Педагогтің Е-портфолиосы» және «Балалармен өткізілген қызықты сәт» секілді бөлімдері бойынша құжат  электронды түрде жіберілді, дейді жеңімпаз Қарақат Жақсымбетова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз