Жарнама
Білім

АТЫРАУДА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕТІН ЖАҢА ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

«Кеше, 18 ақпан  Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Директор уақыты» жобасының алғашқы шығарылымы жарық көрді», — деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Мектеп басшыларының көшбасшылық және зияткерлік әлеуетін нығайту мақсатымен жүзеге асқан жоба көпшілік назарына facebook әлеуметтік желісі арқылы ұсынылды.. 

Әдістемелік орталықтың педагогикалық инновация және менеджмент бөлімінің басшысы, жоба ұйымдастырушысы Нұрила Құлбалиеваның айтуынша, алда «Директор уақытынан» күтілетін нәтиже көп.

«Біз бұл жобаны заманауи, білімді, шығармашыл ізденістегі кәсіби мектеп басшысын қоғамға таныту мақсатымен жүзеге асырып отырмыз. Сондай-ақ әлеуметтік желіні де тиімді пайдалануды көздедік. Жобаның басты ерекшелігі де сол.  Мектеп басшылары өз тәжірибелерімен тікелей эфирде бөліседі. Көрермен есті әңгімені естіп қана қоймай, өзін мазалаған сауалдарды жолдай алады», — дейді Нұрила Құлбалиева.

Аталған жоба енді әр бейсенбі сағат 16:00-де Атырау облысы Әдістемелік орталығының facebook парақшасынан тікелей эфирде берілмек. Бүгінде алғашқы эфир мыңнан аса қаралым жинап, көрермен көңілінен шығуда.

Айта кетейік, кеше ғана жарық көрген жаңа жобаның алғашқы қонағы – Атырау қаласы №31 мектеп-гимназиясының директоры Ғаділжан Кереев болды. Ол өзінің жиырма жылдық директорлық тәжірибесімен бөлісіп, білім саласына қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button