20 ШІЛДЕДЕ АТЫРАУДАҒЫ BINOM МЕКТЕПТЕРІНЕ ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

binom Білім

Алты күннен соң Атырау қаласындағы «Нұрсая» және «Сарыарқа» аудандарында жаңадан салынған BINOM мектептеріне өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау уақытымен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін BINOM мектептерінің 1-11 сыныптарына өтініштер қабылдау жарияланады. Жаңа білім ұялары бірінші қыркүйектен бастап жұмыс істейтін болады. Өтініштерді қабылдау кезең-кезеңімен сыныптар бойынша белгіленген күндерде онлайн форматта https://mektep.snation.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. 20-21, 24 шілде күндері – 1-4 сыныптар (сенбі, жексенбі – демалыс күндері, сайт істемейді); ал 2-4 тамыз күндері – 5-9 сыныптар және 14, 15 тамыз күндері – 10-11 сыныптарға өтініштер қабылданады.

Баспасөз қызметінің мәлім етуінше, онда 1-8 сыныптар қазақ және орыс, ал  9-11 сыныптар қазақ тілдерінде оқытылады. «Оқушыларды қабылдау тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізіледі. Берілген мекенжайлар Атырау облысының білім басқармасы Бұйрығымен бекітілген. Ал егер соңғы бір айда тұрақты мекенжайыңызды өзгерткен болсаңыз, порталда «ӨЗЕКТЕНДІРУ» батырмасын басуды ұмытпаңыз», – делінген баспасөз хабарламасында. Кеңес беру телефоны мен кеңсе 20 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды. «Нұрсая» шағынауданындағы BINOM мектебінің нөмірі: +7 771 055 75 91, ал «Сарыарқадағы» BINOM нөмірі: +7 771 055 75 84. Кеңсенің мекенжайы Сарыарқа ауданындағы BINOM мектебінде орналасқан.

  Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз