Жарнама
Білім

Атырауда 300 жас сертификат алды

Атырау облысының Ішкі саясат басқармасы мен қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жандарға арналған тегін ағылшын және түрік тілі курстары жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері ағылшын және түрік тілі курстарына 300 жас қатысып, арнаулы сертификаттармен марапатталды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттырып, 500 жасты қамту жоспарланып отыр.

-Білім беру жобасы 2022 жылы бастау алғалы жастар арасында жоғары сұранысқа ие. Мақсаты – шет тілдерін үйренуге мүмкіндік жасап, жастардың білімге құштарлығын арттыру. 2023–2024 жылдары 200-ге жуық жас курсты аяқтап, сертификат алды. Келесі жылдан бастап жоба аясында ауылдық округ жастарын қамту жоспарлануда,- деді Ақпараттық талдау және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақдидар Кабекенова.

Аталған курстардың нәтижесі ретінде, оның түлектері өз білімін өзгелермен бөлісіп жүр. Мәселен 10-сынып оқушысы Әсемай Мукинова осы орталықта алған білімін одан әрі дамытып, бүгінде 30-ға жуық адамға ағылшын тілін үйретуде.
— Курсқа екі жыл қатарынан қатыстым. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Себебі осы курстың арқасында тілдік деңгейімді едәуір жетілдіріп, бүгінде жастарға ағылшын тілінен сабақ беріп жүрмін. Менің ойымша, қазіргі жастар үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылуы қажет. Себебі ертеңгі жетістік бүгінгі таңдаған мүмкіндігіңе тікелей байланысты,-деді ол.

Қатысушылар ағылшын тілін Beginner, Elementary, Pre-Intermediate деңгейлерінде, ал түрік тілін A1 және A2 сатылары бойынша меңгеруде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button