ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН…

«Сапалы білім беру - Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуға тиіс».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті.

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ – АДАМ КАПИТАЛЫ

Ұстаздар қауымының алдында Қазақстан экономикасын жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін арттыру міндеттері тұр десек, бұл орайда білім мен тәрбиені дамытуда қиындықтардың туындап отыруы заңды да.
Осындай қиындықтарды жеңуде педагогтерге дер кезінде көмек беретін, жан-жақты қолдайтын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады. Институт педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырумен қатар, әдістемелік көмектер беріп, ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасап, жаңа идеялары мен озат тәжірибенің таралуына қомақты үлес қосып келеді.
Қазақ ұлттық университетінде оқыған лекциясында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың үш базалық аспектісін атап көрсеткен еді. Ол аспектілер мынадай. Білім беру жүйесін дамытудағы серпінділік, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру және инновациялық жүйені дамыту. Елбасы осы бастаманы ұсынған сәттен бастап, көптеген міндеттер жүзеге асырыла бастады. Аталған міндеттерді жүзеге асыруда көшбасшы болғандардың бірі «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Атырау филиалы Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларды өткізді, қорытындысында 16 ұстаз өзгелердің арасында топ жарып, көзге түсіп, еліміздің оңтүстік астанасы – Алматыға барып, тәжірибе алмасып қайтты.
Аталған байқауда бақ сынаған Атырау қаласындағы №22 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлайым Әндірбаева жүлделі 2-орынды иеленді. 12 жылдық білім беру эксперименті жүзеге асырылып отырған мектептеріміз Білім және ғылым министрлігінің жанынан ұйымдастырылған тексеру нәтижесінде республикалық деңгейдегі үлгілі мектептердің дәрежесіне теңестірілді. Бұл – біз үшін зор мақтаныш.
Ұстазды қолдаған ұжымның жұмысына облыс педагогтері шын риза. Қолдау бар жерде қорғау бар екендігін облыс ұстаздарының бас педагогі ретінде халық сүйген «Атырау» газеті арқылы жеткізуді өзіме міндет еттім. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше жылдық жұмыстардың қарымын қайтарған «Өрлеудің» шығармашылық табыстар биігінен көрінуіне тілектеспін.

Берікқали
СӘРСЕНҒАЛИЕВ,
облыстық білім

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гулмира Бидоллақызы Балапашева

    Макала керемет жазылган,мазмунды! Жерлесим ари улги тутар агайыма толагай табыстар тилеймин!!!!!!!