Жарнама
Білім

Атырауда 16 мектептің оқу кабинеттері жаңартылды

Атырау қаласына қарасты ауылдық округтердегі алты мектептің сынып бөлмелері биыл модернизациядан өтті. Атап айтқанда, №44 мектеп-гимназиясы, Б.Момышұлы атындағы №25, Ф.Оңғарсынова , М.Отаралиев, М.Өтемісұлы атындағы және Еркінқала жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары жаңа ресурстармен қамтамасыз етілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары 2022-2023 оқу жылында басталған. Содан бері бұл жоба аясында 16 ауылдық білім беру ұйымы жаңартылды. Жұмыстар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда.

— Модернизациялаудың басты мақсаты — ауыл мектептеріндегі пәндік кабинеттерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтып, оқушылар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңарту. Нәтижесінде 16 білім беру нысанының кітапханасы, пәндік және компьютерлік сыныптары, сондай-ақ спорт залдары жаңартылып, пайдалануға берілді, — деді қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, Атырау қалалық білім бөліме қарасты 68 жалпы білім беретін мектептің пәндік кабинеттерін жасақтау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button