Модульді аурухананың мүмкіндігі мол

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда салынып жатқан 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексеріп шықты.

Қатерлі індеттің екінші толқыны болады деген болжам бар. Осыған қатысты аймақта дайындық шаралары жасалуда. Соның аясында Атырауда 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі кезде тиісті ж ұ м ы с т а р д ы ң 85 п а й ы з ы аяқталды. 900 адам жұмыс істеп жатқан нысан осы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Медициналық нысан 180 стационарлық төсекке және 20 кереуеттік реанимациялық бөлім мен қарқынды терапияға арналған. Модульдік аурухана облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Мердігері «BI Industrial» BI ком­паниясы болып табылады.

Инфекциялық аурухана- л а р с т а н д а р т ы м е н б о й т ү з е й т і н м е д и ц и н а л ы қ мекеменің ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс т е х н о л о г и я с ы н п а й д а л а н а отырып, модульді блоктардан т ұ р ғ ы з ы л у д а . М е д и ц и н а қ ы з м е т к е р л е р і м е н е м алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталады.

Ғимарат әкімшілік бөлігі бар медициналық блоктан, қабылдау- диагностикалық бөлімнен, о п е р а ц и я л ы қ б л о г ы б а р мен инфекциялық бақылауды сақтай отырып, бір-бірімен ыңғайлы байланыста болатын блоктармен жасақталынған. Карантиндік және қарқынды терапия аймақтары бөлінген. Санитарлық бақылау бөлмелерін ұйымдастыра отырып, науқастар мен қызметкерлердің жүріс бағыты белгіленген. Мұнда 56 екі, 16 үш орынды палатаның, 6 бір орынды, көшеге жеке шығатын 7 екі орынды бокс, қарқынды терапия бөліміне 20 кереуетті орын, қабылдау- диагностикалық бөліміне 5 бокс қарастырылған.

П е р с о н а л ғ а а р н а л ғ а н санитарлық бақылау бөлмелерінің а й м а қ т а р ы б а р л ы қ құрылымдық бөлімшелерде таза және жұқпалы аймақтар болып бөлінді. Адамдар қ о з ғ а л ы с ы б і р – б і р і н е кедергі келтірмейтіндей санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қарастырылған.

Аймақ басшысы облыстық д е н с а у л ы қ с а қ т а у ж ә н е құрылыс басқармаларына нысанның өз салаларына тиісті талаптарға сай келуін күнделікті тексеріп, қарап отыруды тапсырды. Бүгінде Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынып жатыр.

Өз тілшіміз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған