«iPhone11» ұтып алғыңыз келсе, «Атырау» газетіне жазылыңыз!

snimok 1 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/22 қараша, 2019 жыл. Еліміздегі жаңалықтар мен өңірде орын алып жатқан өзгерістерден хабардар болғысы келетін әр отбасының үйінен «Атырау» газеті табылуы тиіс деп ойлаймын.

Осы орайда, талай тұлғалардың қияға қанат қағуына жол ашқан А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп ұжымы да аймақтың аға басылымымен берік байланысын үзбей келеді. Сөзіміздің айғағы ретінде жыл сайын 60 мұғалімнің газетке жазылуы игі дәстүрге айналғанын айтуға болады. Олар биыл да сол оң үрдісті одан әрі жалғастыруды жөн көріп отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш алпыстан да асады деген сенімдемін.

Оралбай ӨТЕБАЕВ,

А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің директоры

Бейбарыс ауылы,

Махамбет ауданы

bbbbbbbbbbbbbb

Қазыналы өңірдің өткен тарихын қаттап, бүгінгі тыныс-тіршілігін оқырманға шынайы, әрі дәйекті ақпараттарын жедел жеткізетін аймақ айнасы – облыстық «Атырау» газетінің әр санын ұжымымыз асыға күтеді. Келесі жылдың баспасөзге жазылу науқаны барысында газ шаруашылығы саласында еңбек ететін 35 қызметкердің 25-і «Атырауды» жыл бойына алып тұрамыз деген ұйғарымға келді. Қаламы қарымды, жазғаны а л ы м д ы , о қ ы р м а н ғ а о й саларлық мақалалары көп газет журналистеріне толымды табыстар мен жетістіктер тілеймін!

Сағидолла ҚҰЛҒАЛИЕВ,

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Индер газ шаруашылығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты

Индер ауданы

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы И.БАЛМАҒАМБЕТОВКЕ
Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты бес мекеме «Атырау» газетіне биыл зор белсенділікпен жазылуда. Спорт саласының дамуына атсалысып жүрген қызметкерлер басылымның 60 данасына жазылды. Ел абыройын асқақтатқан спортшылардың ж е ң і с т е р і н д е р к е з і н д е жұртшылыққа жариялап жүрген газет ұжымының оқырмандары көп болуына тілектестігімізді білдіреміз.

Ринат ИБРАГИМОВ,

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз