ЖаңалықтарҚұқық

Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдеді

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Жүргізуші куәлігін алу кезінде талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілген.

Енді қазақстандық жүргізушілер бұрынғыдай жеті дәрігерге емес, 4 дәрігерге  қаралады. Яғни, жүргізуші куәлігін алу үшін терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-наркологтың тексерісінен өту жеткілікті.

«Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек психиатриялық-наркологиялық диспансерден анықтама алу тәртібі де жеңілдеді.

Енді терапевт барлық мәліметті «Диспансерлік науқастардың электронды тізімі» ақпарат жүйесінен қарап, тиісті анықтаманы береді.

Медициналық анықтама қай кезде талап етіледі

  • Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдегенде;
  • Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
  • Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button