Еліміздің Білім және ғылым министрі өзекті сауалдарға жауап берді

Білім Жаңалықтар Мәселе Сұхбат

Atr.kz/13 қараша, 2019 жыл. Өткен жылы жоғары оқу орындарындағы академиялық басқару дербестігін кеңейтуге бағытталған іс-шаралар аясында бірқатар жұмыс университеттердің өз құзыретіне берілді. Бұл қаншалықты тиімді? Мамандар даярлау мәселесінің бүгінгі талапміндеттері қандай?

Нарық сұранысына сай мамандықтардың оқу бағдарламасы қалай әзірленуі қажет? Жоғары және жалпы орта білім беру саласында қандай өзгерістер бар? Осы және өзге де сауалдар аясында еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Атырау облысына іссапары барысында сұхбаттасқан едік.

– Асхат Қанатұлы, жоғары оқу орындарындағы кейбір мамандықтардың қазіргі нарықтың сұранысына сай еместігі рас. Бұл ретте мәселе қалай шешімін табады?

– Сұрағыңыз орынды. Бұл – бүгінгі күннің басты мәселесі. Мәселен, қазір ІТ саласында оқып шыққан түлек бүгінгі нарықтағы қызметтерді атқара алмайды. Неге? Өйткені, университеттер бұл сала мамандарын 10-15 жыл бұрынғы бағдарламалар бойынша оқытуда. Ал, оны қазіргі нарық қажет етпейді.

Сондықтан, жоғары оқу орындарына заман талабына сай жаңартылған бағдарламалар қажет. Оны университет жұмыс берушілермен б і р л е с е ж а с а қ т а п , министрлікке ұсынғаны жөн. Яғни, академиялық басқару дербестігін әрбір жоғары оқу орны тиімді пайдалана білуі тиіс.

– Жалпы, академиялық басқару дербестігі университеттер үшін қаншалықты тиімді? Жүйенің берер мүмкіндігі қандай?

– Б а с қ а р у д ы ң бұл жүйесі аясында қаржылық дербестік те университеттің өз құзыретіне берілді. Мұның барлығы көпшілік арасында айтылып жүрген университеттер енді жекеменшік болады деген сөз емес. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Қаржылық дербестік негізінде университеттер өздері тауып, жинаған қаражатты әрі қарай оқу орнын дамытуға жұмсай алады. Тиімді пайдалана білгенге мұның мүмкіндігі өте көп.

– Университет түлектеріне дипломмен бірге сертификат берудің мәні неде?

– Бұл жүйе 2021 жылдан бастап жүзеге асады. Яғни, осы уақыттан бастап жоғары оқу орнын бітірген түлектер жұмысқа орналасарда олардан дипломмен бірге сертификат талап етіледі. Сертификатты жұмыс беруші береді. Бұл жас мамандарға бірден жұмысқа кірісуге кеңінен жол ашады.

Бұған дейін түлектер қызметке орналасқанда біліктілігін бірнеше мәрте дәлелдеуге мәжбүр болатын. Осы жүйе елімізде қазір медициналық мамандықтар бойынша іске асырылды. Ендігі уақытта архитектура, заң, ағылшын тілдері мамандықтарын бітірушілерге де осындай талап қойылады.

– Енді педагогтар даярлау мәселесі туралы сөз қозғасақ…

– Республикада педагогтарды даярлайтын 26 университет бар. Мұның бәрі мамандарды жоғары деңгейде дайындаса, құба-құп. Алайда, оның барлығының сапасы сын көтермей жататыны рас. Яғни, «маман даярлауда бәрінің бірдей материалдықтехникалық базалары дайын ба?» деген сауал туындайды.

Сондықтан, министрлік тарапынан тиісті шара қолданып, әрбір өңірде бір университеттің жұмыс жасауын қолға аламыз. Кейбір аймақтарда төрт университет болса, төртеуі де педагогтарды даярлайды. Мұндайдан білім сапасы төмендейді. Осынау жайттарды министрлік назардан тыс қалдырмай, жүйелеу жұмыстарын іске асырады.

– Осы тұста болашақ сала мамандарының педагогикалық тәжірибе жинақтау жұмыстары қалай жүргізілуде? Жаңадан бітірген маманның салаға деген біліктілігінің төмендеуіне не себеп?

– Қазір педагогикалық тәжірибе мәселесі – өте күрделі. Бүгінде студенттердің І-ІV курстарда өтетін өндірістік тәжіибелері көңілден шықпайды. Кейбір университеттер І курстағы өндірістік тәжірибені жазғы уақытқа жоспарлап қойған. Бұл кезде мектептердің барлығы демалысқа кетеді. Ал, бұл жағдайда студент өндірістік тәжірибеден қалай өтеді? Төртінші курсты бітірушілер үшін де осы жайт.

Бұдан «қандай сапа болады?» деген сұрақ туады. Осылайша, төрт жыл бойы білім ордаларында болып, ешқандай тәжірибе көрмеген мұғалімдер оқу орнын бітіріп шығуда. Кейбір жағдайда колледж бітіруші түлектердің университет бітірушілерге қарағанда әлдеқайда білімді, көрсеткіштері жоғары деңгейде екені аңғарылып ж а т а д ы . С о н д ы қ т а н , студенттердің өндірістік тәжірибеден өту жүйесін қайта қарау қажет.

– Ал, магистратура мен докторантураға түсушілер үшін қандай өзгерістер бар?

– Б и ы л м а г и с т р а т у р а ғ а түсушілер үшін жаңа жүйе енгізілді. Ендігі уақыттан бастап әділдік пен ашықтық қатаң талап етіледі. Бұрын әрбір университет магистратураға түсушілерге тест дайындап, өткізетін. Ал, қазір тек қана министрлік тағайындаған тест тапсырмалары бойынша сынақ тапсырады. Нәтижесінде сертификат алып, магистратураны қай университетте оқитынын таңдайды.

Биыл осындай жүйемен елімізде 31 мың адам магистратураға құжат тапсырды. Оның ішінде 21 мыңы тиісті баллды жинады. Алайда, 9 мыңы ғана қабылданды. Үш мың грант бос қалып, ол бюджетке тапсырылды.

Сондай-ақ, докторантураға қатысты да бірқатар сұрақ бар. Бұл ретте докторантураға түсем деушілер ғылым тілі ағылшын тілі екенін ұмытпауы керек. Сондықтан, да бұл сынақтан ағылшын тіліне қатысты белгіленген талаптарды орындау міндетті.

– Енді жалпы орта білім беру жүйесіне ойыссақ. Бұл ретте мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсырудағы жаңашылдықтары туралы айтсаңыз?

– Қазір министрлік тарапынан ҰБТ форматын жетілдіру жұмыстары қарастырылуда. Яғни, бұл сынақты электронды форматқа көшіруге жұмыстанудамыз. Қазіргі жүйеде мектеп бітірушілер с а б а қ т а н г ө р і , Ұ Б Т ережелерінен өтіп шығудың неше түрлі айлаларын ойлап бас қатыруды әдетке айналдырды. Мұндайға жол бермес үшін осы мәселені шешуді алға қойдық.

– Жұмыссыздықтың көбеюінің басты себептерінің бірі – мамандықты дұрыс таңдамау. Осы орайда мектепте оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет. Бұл міндеттер Президент Жолдауында да баса айтылды? Осы іс-шаралар қалай жүргізілуде?

– Бүгінгі талап бойынша, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарына тек мектеп емес, университет те белсенді араласуы керек. Әдетте университет өкілдері ақпан, мамыр айларында мектеп түлектерімен кездесіп, өз оқу орындарына түсуге шақырады, яғни жарнама жүргізеді. Бұл – мүлдем біз айтып отырған кәсіптік бағдар беру емес.

Кәсіптік бағдарды мектепте жоғары оқу орындарының мамандарымен бірлесіп ұйымдастыру керек. Бұл кешенді жұмыстарды талап етеді. Осы орайда биылғы оқу жылынан бастап жетінші сыныптан бастап мектептерде бейіндік пәндер енгізілді.

Әңгімелескен:

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Ана тілге деген құштарлық, ең бастысы, үйден, балабақшадан бастау алады. Сондықтан, бүгінде балабақшадағы ағылшын тілін үйрету мәселесін мүлдем алып тастау жұмыстары қарастырылуда.

* * *

Университеттерде шектеулі сала мамандарын даярлайтын жүйе болуы тиіс. Жоғары оқу орнында мұндай тәжірибе болмаса, бұл – білім ордасының кемшілігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған