Атырау мұнай өңдеу зауытына сүзгі орнатылатын болды

img 20210223 wa0081 Жаңалықтар

Былтыр Атырау мұнай өңдеу зауытындағы экологиялық тазалау мен бақылаудың барлық жүйесі жаңғыртылыпты. Жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Заманауи технологияларды қолданудың арқасында өткен жылы кәсіпорын атмосфераға 11 772 тонна ластаушы зат шығарды. Оның рұқсат берілген шекті мөлшері – 20 123 тонна. Ал, 23 231 тонна сарқынды судың орнына 11 789 тонна төгілген.

                Зауыттың бас директоры Шухрат Данбайдың айтуынша, отын газын тұтыну және шығарындылар көлемін қысқарту үшін мұнайды бастапқы ө ң д еу қ о н д ы р ғ ы л а р ы н ы ң бірқатарындағы әбден тозған техникалық оттықтарды ауыстыру қажет. Ол үшін тиісті шаралар қабылданыпты. Аймақтағы электрмен жабдықтау жүйесіндегі кемшіліктердің ке сірінен кәсіпорында техногендік ақаулар да жиі кездеседі екен.

– Биыл қаңтарда зауытта кернеудің 21 терең ақауы болды. Нәтиже сінде CCR технологиялық қондырғысы катализаторларының 90%-ы істен шығып, басқа да оқыс жағдайлар орын алды. Сол себепті зауыт әлі күнге дейін тұрақты технологиялық режимге ене алмай отыр. Ал, зауыт 25 миллиард теңге көлемінде зардап шекті, – деді Шухрат Әбдірашитұлы.

Жұма күні Атырауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мұнай өңдеу зауытының экологиялық ахуалымен танысты. Ағынды суларды терең тазарту және «TAZALYQ» булану алқаптарын р е к у л ь т и в а ц и я л ау ү ш і н механикалық құрылыстарды қайта құру жобасының іске асырылуын қадағалады. Мұнда 5 наурызда механикалық тазарту құрылыстарын қайта құру жобасының мемлекеттік сараптамасы алынады екен. Ал, 1 сәуірден бастап жобаны іске асыру, әсіресе бірінші кезекте шлам жинақтағыштарды бөлшектеу басталады. Булану алқаптарын қалпына келтіруді жобалау жұмысы аяқталды. Ал, «TAZALYQ» аясындағы барлық іс-шара 2022 жылы аяқталуы тиіс. Министр М.Мырзағалиев облыстағы жағымсыз иістің шығуына және ауаның ластануына зауыт шығарындылары да бірден-бір себепкер екенін айтты.

– Т ұ р ғ ы н д а р д ы ң ау а сапасының ластануына байланысты шағымдарын қарастырып, мәселені жан-жақты зерделедік. Нәтижесінде жаңа кодекс аясында зауыттарға ауаға лас қалдықтарды жібермейтін сүзгілерді орнатып, жаңа қадам жас ауға шақырамын. Бұл халықаралық тәжірибеде бар. 5-6 жылда бұл мәселе толық шешілуі тиіс, – деді Мағзұм Маратұлы. С о н д а й – а қ , м и н и с т р ө н д і р і с т і ң э ко л о г и я л ы қ тазалығын арттыру бағытында барлық жұмыстың ашықтығын назарда ұстауды қатаң тапсырды. Одан әрі республика экология, геология және табиғи ресурстар министрі өңірдегі бекіре өсіру зауытының жұмысымен танысып, мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған міндеттерге сай жұмысты жүйелеу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз