Билік пен бұқара арасына ашық диалог керек

images Жаңалықтар

Atr.kz/13 маусым, 2019 жыл.  «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда ашық диалог орнатуы керек» дейді Атырау облысы әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім мекемісінің сарапшысы Ақгүлім Қалимуллина.

«Елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған бұл мәселе – алғышарты әу бастан пісіп-жетілген қоғамдық саясаттағы үлкен мəселе. Қазіргідей алмағайып заманда қоғамдық келісім идеясының маңызы аса зор.

Қоғамдық бастаманың қозғаушы күші болып жүрген озық ойлы азаматтар қай өңірде болса да жетерлік, олар ендігі жерде жергілікті халықтың жағдайымен танысып, деректер мен мəліметтерді қозғап, тіркеп қана қоймай, сол мəселелерді жүзеге асыру мен шешудің жолдарын табуға да көмектеседі. Ең бастысы, жаңа кеңес қоғам мен билік арасында ашық диалог орнатуға ықпал етуі керек. Себебі, ашықтық, жариялылық бар жерде келісім болады. Осы жерде қоғамдық пікірдің  жетекшілеріне де жауапкершілік жүктеледі. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жергілікті мəселелерді білуімен қатар, ол қиындықтардың неден

туындағанын, оны шешу жолдарының әдіс-тәсілдерін ұсына да білуі керек. Яғни, бізге бұл жерде әлеуметтік салаға тереңірек зерттеу жүргізуге тура келеді» деді спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз