Атырауда ескерткіштерді насихаттайтын акция басталды

img 20201029 wa0005 Жаңалықтар

Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Өңірде соңғы жылдары мемлекет дамуына қосқан үлесі үшін белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай тұрғызылған ескерткіштердің саны артты.

Алайда кейбір жастар ескерткіштің не үшін тұрғызылғанын және оның атауын білмейтіні өкінішті. Осыған орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында орналасқан ескерткіштерді насихаттауға арналған акцияны бастады. Мектеп шаңырақтары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық бейнероликтер циклін әзірлеу үстінде.

Алғашқы болып оқу орынның «Фариза» шаңырағы қазақ поэзиясының падишасы, белгілі ақын және мемлекет қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады. Оқушылар фото және бейнетаспа арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы деректерді ұсынады. Мұнда балалар мүсіннің архитектуралық және композициялық кескіні жөнінде, оны жасап шығарған авторлар мен монументтің мазмұны туралы мағлұматтарды ұсынады.

Бейнероликтер мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүктелмек. Осылайша атыраулық оқушылар өз замандастарына ескерткіштерді танытудың жаңа форматын ұсынғалы отыр.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

баспасөз хатшысы

img 20201029 wa0008
img 20201029 wa0006
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз