«Бейбарыс» – Құрлықтық кубоктың күміс жүлдегері

w iwuajcbg0 Жаңалықтар

Биыл жиырмасыншы мәрте өткен мерейлі Құрлықтық кубок турнирінің супер финалына өткен атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы күміс жүлдегер атанды. Аталған спорт түрінен бұл додада топ жару бұрын-соңды Қазақстан тарихында болмаған.

w-iwuajcbg0

Айта кетсек, Қазақстан чемпионатының өткен маусымында чемпион атанған «Бейбарыс» ережеге сәйкес Құрлықтық кубок ойынына жолдама алып, супер финалға өткен болатын.

BQ0xktBbyrc

«Бейбарыс» ақтық сындағы алғашқы кездесуін өткен жұма күні турнир иелері «Риттен спорт» командасымен өткізіп, буллит сериясында ғана қарсыласқа жол берді. Есеп: 3-2. Сенбі күні ұлыбританиялық «Ноттингем Пантерс» командасымен өткен кездесу де осы есеппен аяқталды. Бұл жолы да қарсыластар буллит сериясында жеңіске жетті. Ойынның негізгі кезеңінде атыраулықтар құрамында Дмитрий Степанов «дубль» орнатса, британдықтар тарапынан  Джейсон Уильямс пен Брайан МакГрэттон ерекшеленді.

9_UCcYgs5Ds

Ал, шешуші ойын Данияның «Оденсе Бульдогс» командасымен өтті. Қарсыластар қақпамызға екі рет шайба салып, есепті еселей түсірген еді. Алайда, жерлестеріміз жеңіс үшін барып салып, Алексей Рыжихтың көмегімен есепті теңестірді. Ойын тағдыры овертайм кезеңінде шешіліп, Альберт Вишняковтың салған шайбасы командамызға жеңіс сыйлады.

VNhyqLh1upM

– Бұл – еуропалық деңгейдегі үлкен жарыс. Үш кездесуде де «Бейбарыс» ойынның негізгі уақытында ешкімге жол бермеді. Тек қосымша кезеңдерде ғана екі қарсысылас сәл ғана басымдық таныта білді. Сондықтан, біз ешкімнен жеңілмедік деп айтуға толық негіз бар.

JJkUQRM_MoU

Италияда ұйымдастырылған жарыстың өту жүйесі ұпай санына негізделген болатын. Үш ойын қорытындысы бойынша даниялық «Оденсе Бульдогс» командасымен ұпайымыз тең болды. Алайда, аталған екі команда арасындағы тартысты ойында «Бейбарыс» жеңіске жеткендіктен, күміс жүлде бізге бұйырды. Ал, «Ноттингем Пантерс» командасы турнир чемпионы атанды, – дейді «Бейбарыс» хоккей клубының баспасөз хатшысы Павел Самойло.

Турнирдің қорытындысы бойынша жүлдегерлер кубок, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік ойыншылар сараланды. Ұйымдастырушылар, төрешілер шешімімен «бейбарыстық» Альберт Вишняков «Үздік сұрмерген» атанды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз