Атырауда жасөспірімдер төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Әлеуметтік желілерде Атырау қаласы білім беру ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірімі топтасып төбелесіп, 8 – сынып оқушысын ұрған бейне видео тарады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Жағдайды жәбірленуші тараптың анасына хабарлаған.

Оқиға 12 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Владимирский көшесінің бойында орналасқан интернат-мектебі ғимаратының артында орын алған.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан 5 жасөспірім, оның ішінде 4 мектеп оқушысы мен 1 колледж студентінің үстінен ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

200923140500387a3697942i 768x404 1

​Бұдан бөлек, жауапқа тартылған жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдары басшыларынан түсініктеме алынды.

Ал жәбірленушіге психологтің көмегі көрсетіліп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз