Атырауда қала маңындағы бес бағыт бойынша автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды

tyyyyyyi Жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын кейбір автобустар уақытша тоқтатылған.

«Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың айтуынша, қала маңына қатынайтын №50, 54, 55, 58, 64 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ал басқа бағыттағы автобустар жолаушыларды күнделікті тәртіп бойынша тасымалдауды жалғастыруда. Сондай-ақ кеше кешке қала маңына жолаушыларды тасымалдайтын №50, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 58А, 59, 62, 64, автобустары қозғалысты уақытша тоқтатты. Бұлардың ішінде №52, 53, 56, 58А, 59, 62 автобустар бүгін жұмыстарын қайта жалғастырып отыр.

Айта кетейік, өңірде 5 автотұрақтан 31 бағыт бойынша 200 автобус қызмет көрсетеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз