Бас дәрігер бәріне жауапты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина Сұхбат

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл.  Амбулаториялық- емх а н а лық көме к көрсететін ұйымның негізгі мақсаты – халық денсаулығын сақтау және нығайту. Осы негізде қызмет көрсететін Геолог ем­ханасы Геолог, Бірлік, Жаңа кірпіш ауылда­ры, Қарабатан, Теңдік станциялары, №496 разъезд, Жұлдыз елді мекендерін қамтиды.

 Аталған ауылдарда төрт орта мектеп, төрт балабақша, бір балалар үйі орналасқан. Емх а н а д а ж а н ұ я л ы қ денсаулық орталығы, кеңес- диагностикалық бөлім, оңалту бөлімшесі, әлеуметтік психологиялық көмек және алдын алу бөлімі, күндізгі аурухана және шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі бар. Кезектерді басқарудың заманауи техно­логияларын енгізу негізінде «электронды кезек» жүйесі іске қосылды.

Сонымен қатар, тұрғындар дәрігерге алдын ала үйден жа зылып ( с айт , те л е ­фон арқылы), кезек күтпей дәрігердің қабылдауына келеді. Осы емдеу мекемесін басқаратын Әсия Нарымбаева 35 жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау саласын­да қызмет етіп келеді.

Заманауи техникалық м е д и ц и н а л ы қ қ ұ р а л жабдықтармен, соның ішінде, ең қажетті флюорография, рентгенография, маммо­графия, стоматологиялық құрылғы, ИФА, УДЗ аппа­раттары, ФГДС, тредмил- т е с т , х о л т е р С М А Д , ЭЭГ құрылғыларымен жабдықталған емханада 44 дәрігер, 125 орта буын қызметкері еңбек етеді. Аталған емдеу орнына 31270 халық тіркелген. «… Оның ішінде 18 жасқа дейінгі ба­лалар 13177, ересектер 18093, туу жасындағы әйелдер 7681.

Е м х а н а м е д и ц и н а қызметкерлері медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз е т у г е , х а л ы қ қ а дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге, тұрғындардың сырқаттанушылығын, м ү г е д е к т і г і н ж ә н е қ а й т ы с б о л у ы н төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға және өткізуге, созылмалы аурулар­дан зардап шегетін адамдар­ды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыруға, қызметті жетілдіру және профилактиканың, д и а г н о с т и к а н ы ң , емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізуге, басқа денсаулық с а қта у ұ йымд а рыме н сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс- қимылды қамтамасыз ету­ге міндетті» дейді Геолог емханасының бас дәрігері Әсия Нарымбаева ойлана сөйлеп. Емхана халыққа психологиялық және арнау­лы әлеуметтік қызметтер де көрсетеді.

Басты көрсеткіштерге тоқталсақ, соңғы жылда­ры емханаға қарасты тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы өскені көрініп тұр. Адам жанының арашасы болуды қалаған Әсия бала кезінен адамдарды қуантуға асығатын.

Сәбилік санада орныққан ақ тілегі алғы күнге жете­леген ол, сол бір албырт шақтағыдай әлі де ал­дына келген науқастарға қолынан келгенше көмек беруге тырысады. «Өлім көрсеткіші 2020 жылдың бес ай қорытындысымен 39- дан 24-ке, яғни, 1,6-ге кеміді. Оның ішінде, қан айналымы жүйесінің ауруларының өлім- жітімі 50%-ға, үйдегі өлім 29-дан 19-ға төмендеді. Қатерлі ісіктен қайтыс б о л ғ а н д а р с а н ы күрт азайып,11-ден 2-ге түсіп, яғни, 5,5 есеге төмендеді, бұл ауру тек біздің респу­бликада ғана емес, дамыған мемлекеттерде де өлім себептерінің бірі» д е п толғанған кейіпкеріміз адамға өмір сыйлаудың қандай бақыт екенін жа­нымен сезініп, іштей ғана түйсінетіні шындық. Жа­нын жадырататын ой – өкпе ауруының азаюы.

«Халықтың репродуктивті денсаулығын жақсарту, ана өлімін болдырмау, бала өлімін төмендету, түсіктердің және босану жасындағы әйелдердің сырқаттану деңгейлерін төмендету мақсатында бо­сану жасындағы әйелдерді емхана деңгейінде тексе­ру алгоритмдері бойынша жұмыс жасалуда. Аталған алгоритмдерді қолдану нәтижесінде нысаналы индикаторларға қол жеткіздік, яғни, соңғы бес жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Перинаталдық өлім көрсеткішін төмендету м а қ с а т ы н д а а у қ ы м д ы ж ұ м ы с т а р ж а с а л у д а . Ана мен балаға қатысты тақырыптарда оқулар жүргізілді. 2020 жылдың бес ай қорытындысымен барлық жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинеко­логтар «Қауіпті тобындағы жүкті әйелдерді жүргізу», « Ұ р ы қ т ы ң ж а ғ д а й ы н бағалау», «Антенаталды күтім» тақырыптарында 100% оқытылды» дейді ол өзі басқаратын Геолог емханасының жетістіктері жөнінде қуана хабарлап.

Өз ісіне шын берілген Әсия Нарымбаеваның басшылығымен аталған емхана қызметкерлері де жаһанды жаулаған тажалға қарсы күреске ж ұ м ы л д ы р ы л д ы . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялағаннан кейін-ақ емдеу мекемесінде дайындықтар жүре бастаған еді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байла­нысты емхана қызметінде ү л к е н ө з г е р і с т е р б о ­лып, пациенттердің коро­навирус ауруына күдікті саналғандармен кездесуін болдырмау мақсатында есік алдында санитарлық өткізгіш орнатылып, тепловизормен қамтылды.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен жақын бай­ланыста болған адамдардың үйдегі карантин шектеулерін сақтауына бақылау жүргізді. Тегін амбулаториялық дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге рецепттер бойынша дәрі- дәрмектер үйге жеткізілді. Емхана дәрігерлерінің қабылдауы және кон­сультациялары қашықтан қызмет көрсету форматы­на ауыстырылды. Шұғыл медициналық көмек бригада­ларына қосымша дәрігерлік медициналық бригадалар жасақталды. Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығы бойынша сүзгі бөлмесінің жұмысы және штаттық кестесі қайта қаралды. Сүзгі бөлмесінің ішінен клиникалық белгісі бар науқастарды бақылауға алуға изоляция бөлмесі ашылып, қосымша жауап­ты дәрігер мен медтіркеуші штатқа қосылды. Есік алдындағы санитарлық өткізгіштен КВИ ауруы­на симптоматикасы бар науқастар фильтр каби­нетке жіберіліп, сол жер­де оны дәрігер қарап, вирусологиялық жұғынды а л ы н ы п , и з о л я т о р ғ а ж а т қ ы з ы л а д ы . Е г е р респираторлық белгілері бар болса, провизорлық стационарға жедел-жәрдем көлігімен тасымалданады.

« А т ы р а у о б л ы с т ы қ д е н с а у л ы қ с а қ т а у басқармасының бұйрығымен Береке мөлтекауданындағы №22 үйде 240 кереуеттік карантиндік стационар ашу, қажетті медициналық құрал- жабдықтармен жабдықтау ж ә н е м е д и ц и н а л ы қ қызметкерлермен қамту « Г е о л о г е м х а н а с ы н а » жүктелді. Сонымен қатар, қалада ашылған «Диар», «Ренко», «Престиж» қонақ үйлеріндегі карантиндік стационарларда «Геолог емханасының» медицина қызметкерлері қызмет көрсетті.

Бүгінгі күні «Геолог емхана­сына» қарасты карантиндік стационарлардан 1214 адам өткізіліп, ол 5991 кереуеттік күнді құрады. Бір медициналық бригададағы бір дәрігер, екі медбике, екі тазалықшы вирусологиялық жұғынды алу, күніне екі мезгіл медициналық бақылау, тазалық жұмыстарын жүргізу, күнделікті үш мезгіл ауыз су және тамақ тасу, адамдардың психологиялық жағдайын, қойылған талап­тарын қанағаттандыру, т ү с і н д і р м е – а ғ а р т у жұмыстарын жүргізуде» дейді Әсия Төлегенқызы өзі басқаратын Геолог емханасының коронавирусқа қарсы күрестегі қызметі жайында.

P.S.

Індеттің алдын алу жолында, жалпы күнделікті қызметінде медицина қызметкерлері өз істерінде жауапкершілікпен, біліктілігімен, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адамның жанын жадыратып, әрбір адамның жағдайын жасап, тез жазылуына немесе өмірінің ұзаруына ықпал етеді. Осы орайда, Геолог емханасының бас дәрігері, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Әсия Нарымбаева сияқты ақ халат­ты абзал жандардың да үлесі зор екені кәміл.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған