Атырауда экологиялық таза автобустар пайдалануға беріледі

133118710 3729463320455602 390350526449873681 o Жаңалықтар

Осы аптада тапсырылатын 160 автобус экологияға зарарсыз әрі мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуі үшін барынша қолайлы жасалған.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Ержан Қалымбайұлы өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жазды.

«Автобусқа қажетті метан газын құю стансасы дайын. Атырау қаласындағы автобустардың біразы жаңарады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ақжайық автопаркіне барып, халыққа барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды» деп жазды Ержан Қалымбайұлы постында.

1 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз