Шектеу шараларын сақтап жүрміз бе?

200617211629a3662912d COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырауда облыстық б а с м е м л е к е т т і к санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы жария­ланды. Өңірдегі жағдай толық тұрақталғанға дейін шектеу ша­ралары күшейтіліп, бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді ( қ а у л ы н ы ң т о л ы қ нұсқасы газетіміздің 21-бетінде жарияланып отыр).

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізілген арнайы брифинг барысында аталған құжат жан-жақты түсіндіріліп, аймақтағы жалпы ахуал төңірегінде сөз қозғалды. Басқосуға облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Амантай Жұмағалиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева қатынасты.

– Соңғы екі аптада елімізде, соның ішінде Атырау облысын­да коронавирус жұқпасының күрт өсуі байқалды. Аурудың таралуына халықтың өзі себепші болып отыр. Арнайы құрылған мониторингтік топ күн сайын қызметіне рұқсат етілген нысандарды тексеріп келеді. Белгілі болғанындай, 30- 40 пайызында тиісті талаптар өз деңгейінде сақталмай отыр. Қашықтықты сақтамау, бетпер­де тақпау секілді фактілер жиі кездесті. Күрт өршу белгілері байқалғандықтан, осындай шешім қабылданды, – деген бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулы талаптарының күшейтілуі себептерін айта келе, түсіністік танытуды сұрады. Бірінші орында сақтық шараларының қатаң орындалуы тиістігін баса айтқан Амантай Жұмағалиев өзін, отбасын сақтау үшін шектеу шараларын бірлесіп атқаруға шақырды.

Жоғарыда аталған арнайы мониторинг жүргізу тобы өз жұмыстарын жалғастыра береді. Ал, кемшіліктер анықталған сәтте ескерту беріліп, жауапкершілікке тар­тылады, сот шешімімен ірі көлемдегі айыппұл салуға дейін жеткізіледі. Аурушаңдық өсіп, көрсеткіштер күшейген жағдайда карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін.

– Бүгінгі таңда облыс бой­ынша ауруға шалдығудың 1341 жағдайы тіркелді. Оның 1035 жағдайы Теңіз қалашығында, 177-і – Атырау қаласында. Соңғы ай ішінде аудан тұрғындары арасын­да да аурушаңдық белгілері байқалады. Ауруханада жатқан 193 науқастың 7-нің жағдайы ауыр, үш науқас өте ауыр халде. Зерттемелік талдау жүргізетін 3 орталық жұмыс жасауда, – деп осын­дай мәліметтерді келтірген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Т а ң б а ева инфекциялық ауруханада дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін айтып өтті.

Қазіргі таңда Атырау облы­сында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде. Ал, пандемиямен күрес кезінде өңірдегі 62 ме­дицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған.

– Дәрігерлерде коро­навирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым. Өйткені, COVID-19 індетімен күресте дәрігерлер, медби­келер, кіші буын медицина қызметкерлері, санитарлар, инфекционист мамандар алдыңғы шепте жұмыс істеуде. Көпшілігі бірнеше айдан бері жақындарын көрмеген, бұл моральдық тұрғыдан алғанда өте қиын. Біз медицина қызметкерлерінің осындай еңбектері мен кәсіптеріне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта оларға тәулігіне 6 сағат жұмыс істеу үшін ауысымдық жұмыс әдісі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, жақсы демалулары үшін барлық жағдай қарастырылған, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі 62 медицина қызметкерінен COVID- 1 9 анықт а л ды, олардың 17-сі инфекциялық стационарда. Қауіпті індетке шалдыққандармен байланы­сушылар апта сайын вирусқа тест тапсырады. Олардың күнделікті дене қызулары өлшеніп, тексеріледі. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда, жедел түрде сарап­тама алынады.

Брифинг барысында жолданған сауалдарға жауап берген спикерлер балабақшаларға қатысты да түсінік берді. Яғни, кеше, 18 маусымнан бастап, об­лыс көлеміндегі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Бұл жұмыста жүрген ата-аналар мен жеке балабақша иелері, кәсіпкерлер үшін қиындық туғызуда. Осы мәселеге түсінік берген облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрі гері : «Аурушаңдықтың пайда болу көрсеткіші төмендеген кезде бұл мәселені қайта қарастыратын боламыз. Әзірге, осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз. Өйткені, балалардың өмірі – бәрінен қымбат» деді.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз