Атыраулық жүргізушілер 18,8 миллион теңгеге жаңа нөмір сатып алуда…

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/29 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысының тұрғындары биылғы қаңтарда жалпы құны 18,8 миллион теңгеге бағаланған қымбат нөмірлерді сатып алды.

Атырауда да көлік иелерінің тарапынан үш саны, не екі шеткі саны бірдей нөмірлерді сатылымға шығарылғанда жұртшылық оған аса бір мән бермеген еді. Ал, қазір мұндай нөмірлерді сатып алуға қызғушылық артып келеді.

«Мәселен, былтыр атыраулықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 159,7 миллион теңгеге 830 нөмірді сатып алды. Ал, биылғы қаңтарда осындай 94 нөмір сатылды. Ол үшін көлік иелері 18,8 миллион теңге төледі», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Көлік иелерін әсіресе 010, 060, 070, 077, 707, 888 секілді сандар мен ZZZ, DDD, SSS, VVV, QQQ, III секілді үш бірдей әрпі бар нөмірлер көбірек қызықтырған.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған