Атыраулық жастарға айтарым бар…

Abdrahmanova 1 Қоғам

Жастар – біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Ұл-қыз өсіріп отырған әрбір ата-ана олардың ержеткенін, мамандық меңгергенін, жұмысқа тұрғанын, шаңырақ көтергенін армандайды. Бұл – заңды құбылыс.

Abdrahmanova

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады» – деді. Сондай-ақ, болашақта жастардың білім алуына, еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалып, ауылға жұмыс жасауға баратындарына жәрдемақы мөлшері өсетінін жария етті. Бүгінгі озық  технологиялар  дәуірінде топ менеджерлер, дәрігерлер, ІТ мамандары, мәдениет саласы қызметкерлері үлкен сұранысқа ие екенін жеткізді.

Біз де өмірлік қосағым Ізтілеу екеуіміз екі ұл, екі қызымызды өсіріп-өндіріп, бір-бір отау еттік. Қазір немереміздің алды – студент, кейінгілері де өсіп-жетілуде. Бала өсірген, немере сүйген ақжаулықты ана ретінде айтарым, баланың жақсы болуы отбасындағы тәрбие мен мектепте тәлім берген ұстаздарына тікелей байланысты. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақыл осыдан қалса керек.

Күләш ӘБДІРАХМАНОВА,

зейнеткер,

Атырау  қаласы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз