Атыраулық кәсіпкерлер асхана мәселесін көтерді

«БИЗНЕСМЕН» Жаңалықтар Мәселе

Atr.kz/8 қазан, 2020 жыл. «Атырау қаласында бірнеше кәсіпкер асхана мәселесін көтерді, -деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Кәсіпкерлер мектеп асханаларының мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жұмыс істеу тиімсіз деп санайтындарын, оған қатысуға құлықсыз екендерін жеткізді. Бұрынғы тәртіп арқылы жұмысы істегілері келетінін айтты. Облыс әкімдігіне келген олармен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Олармен жүздесуге облыстық сондай-ақ Білім беру басқармасының басшысы және қала әкімінің орынбасары мен қалалық білім бөлімінің басшысы қатысты.   

    Кездесу барысында мектеп асханаларын жалға алып отырған жеке кәсіпкерлердің ұсыныс – тілектері тыңдалып, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аумақтық дамыту жоспарына сәйкес, Атырау қаласының мектептерін мемлекеттік-жекешелік серіктестігіне ауыстыру жөніндегі мәселе қозғалды.

    «Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы үнемі назарда болады. Балалардың дұрыс тамақтанып, салауатты болуы – ең маңызды мәселе. Бұл жағдайда сіздердің тараптарыңыздан айтылған ұсыныстарды зерделейміз. Мектептегі тамақтандыру мәселесі балаларымыздың денсаулығы мен жеке қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты. Осыған орай мектептегі тамақтандыру қызметін сапалы жүргізу бағытында мемлекеттік-жекешелік серіктестікті кеңейтуге зор мүмкіндік беріліп отыр», – деп айтты Бақытгүл Хаменова.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелердің шешімін табу бағытында жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді. Кездесуге келген кәсіпкерлердің сауалдарына алдағы уақытта толық жауап беріліп, ортақ шешімге келетіні жеткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған