1 1 scaled

Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 8 жоба іске қосылады (+ИНФОГРАФИКА)

Жаңалықтар ИНФОГРАФИКА Экономика
6 / 100

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

            «Қазіргі таңда ҚР  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Олардың  қатарында тоған шаруашылығы бағытындағы 6 жоба, балық өсіру шаруашылығы және балық өсіру зауытын кеңейту жобасы бар» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

img 20210217 wa0047

            Атап өту керек, былтыр облыста 11 мың 600 тонна балық ауланды. Оның  11 мың тоннасы өңделіп, 98 пайызы шет елдерге экспортталды. Аталған салада 4 800 адам еңбек етуде.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған