Атырауда жасырын той жасағандарға жаппай айыппұл салынуда

0 15 COVID-19: Соңғы поштадан...

Бұған полиция қызметкерлері мобильдік топтың кезекті рейд барысында куә болды. Тұрғындар тарапынан әлі де карантин талаптарына қарамай, кафе-мейрамханаларда той жасау жайттары азаяр емес.

Өткен   жұма- жексенбі күндері  Атырау қаласында карантин режимінің талаптарын орындамаған ондаған той иелері   анықталды. Атап айтқанда,  Атырау ықшам ауданындағы 17 көшедегі үйде  40-50 адам, ал Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адаммен той өткізілген.

Дәл осындай жайт Студенттер  көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде орын алды.  Бұл шарада 80 адам, Алмагүл
ықшам ауданындағы мейрамханада тойланған  туған күнде  50-60 адам, Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адам жиналған
той анықталды.

Атырау полицейлері тұрғындарға карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермейді. Алайда,  «Жерұйық» ықшам ауданындағы караоке-барда  15-20 адамның көңіл көтеруі кәсіпкерлердің шектеу ережесіне құлақ аспайтынын байқатады. Сонымен қатар, Лесхоз ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан екі кальян бар иелері де карантин режиміне қатысты тыйымдарға қарамай, жұмыс жасаған.

Бұл анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар қалалық  тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз