Атырау облысы бойынша 800 ден астам медицина қызметкері 160,4 миллион теңге үстемақы алады

200330195632731a3631351i Медицина

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

«Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, биыл қыркүйектің қорытындысы бойынша  Атырау облысында 800 астам маман  160,476 млн. теңге көлемінде үстемақы алады», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

8f54d26e 5225 4418 be90 8661ed065743

Атырау облысы бойынша наурыз айында 857 медицина қызметкеріне қосымша 66,1 миллион теңгеге үстемақы төленді.

Сәуірде – 1080 медицина қызметкері, 158,1 миллион теңге.

Мамырда – 1429 медицина қызметкері, 255,35 миллион теңге.

Маусымда – 2019 медицина қызметкері, 390,59 теңге.

Шілдеде – 2475 медицина қызметкері, 796,1 миллион теңге.

Тамызда –  2205 медицина қызметкері, 476,0 миллион теңге алды.

Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса,  өңірлік комиссияға хабарласу қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз