«Алтын сапа» – «АтырауНефтеМашта»

АПТА: түйін Басты жаңалық Жаңалықтар

Бұған дейін де газетімізде хабарланғанындай, жақында ғана аталып өткен Ұлттық Индустрияландыру күні қарсаңында республикамыз бойынша  жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізген отандық кәсіпорындар Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталған болатын.

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0

Солардың санатында «Үздік индустриалдық жоба» номинациясымен  марапатталған  «АтырауНефтеМаш» ЖШС де бар-ды. Бұл байрақты Президенттің қолынан аталған зауыттың  директорлар  кеңесінің  төрағасы Сағат Түгелбаев қабылдап алғанды.

Осыған орай, кешегі  сенбіде  атыраулық  кәсіпорын  ұжымы жоғары  марапат иегерімен кездесу  өткізді. Онда алғашқы сөз кезегін Сағат Қашқынұлы алды.

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0-2

– Бұл сыйлықтың  бізге  оңайлықпен  келмегендігі белгілі. Жыл қорытындысымен  «Алтын сапа»  байрағына  лайықтыларды  анықтау  мақсатында ұйымдастырылған  байқауға  бірнеше қазақстандық  компания-кәсіпорын қатынасып,  бақтарын сынады. Олардың арасында Атырау, Павлодар, Шымкент  мұнай өңдеу зауыттары, өзге де үдемелі  индустриялдық-инновациялық  даму бағдарламасы  шеңберінде ел экономикасын  ілгерілетіп, мұнай, газ,  химия,  машина жасау  өнеркәсібін  өркендетуге  үлесін қосып отырған  отандық өндіріс  алыптары қатысты. Осылардың ішінен  таңдау «АтырауНефтеМаш»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  түскеніне  бек қуаныштымын. Мұны баршамыздың  еңбегіміз, жетістігіміз  деп есептеймін. Бір ерекшелігі, оның Тәуелсіздіктің 25 жылдық  мерейтойымен  тұстас келуі еді. Ендеше,  құрметті әріптестер, баршаңызды қос қуаныш-тойларыңызбен  құттықтаймын.  Еңбектеріңізге  толайым табыс пен сәттілік  тілеймін, – деді.

Бұдан кейін  зауыт директоры Александр Донсков, облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы  басшысының орынбасары Ескендір Жаңатаев жылы лебіздерін білдірді.

Дәулетқали Аруев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған