Елімізде 3,8 мың суицид оқиғасының 3 мыңы ер адамдармен жасалған

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Құқық

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Қазақстандағы суицид саны 7,4%-ға өсіп, 3,8 мыңға жетті. Олардың көп бөлігі Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркеліп отыр, – деп хабарлайды ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 3,8 мың суицидтің 3 мыңын ер адамдар жасаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Бір ескеретіні, әйелдер суициді аз болғанымен (772 қайғылы жағдай), олардың өсімі төмен: бір жылда 11,1%-ға ғана.

2019 жылғы суицид жасауға 4,8 мың адам ұмтылған, бұл былтырғыдан 13%-ға көп. Ерлер арасында бұл көрсеткіш 2,8 мың, ал, әйелдерде 1,9 мың адамды құрап отыр. Барлық суицидтің 180-ін жасөспірімдер жасаған, оның 121-і ұл, 59-ы қыздарға тиесілі. Қыз балалар ұлдарға қарғанда жиірек өз-өзіне қол жұмсауға тырысады: қыздар 270, ұлдар 81 суицидке әрекет жасаған.

Ал, өңірлерде суицидтің көбі Алматы (425), Шығыс Қазақстан (411) және Түркістан (342) облысында тіркеліп отыр.

Амандық АБДОЛ

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған