Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда қоқыстан табылған құжаттардың қай мекемеге тиесілі екендігі анықталды

img 20210114 wa0002 Жаңалықтар

Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылының тұрғындары өзен жағасынан канцелериялық құжаттарды тауып алған деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысы полиция департаментінен білгеніміздей, қоқысқа айналған құжаттардың арасында төлқұжаттар, жеке куәліктер, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табыстар және өзге де жеке басқа қатысты анықтамалар мен мекемелердің ішкі құжаттары, мөрлері бар.

«Тексеру барысында құжаттардың Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) Атырау филиалына тиесілі мұрағат екені анықталды. Олардың арасында Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілген қызметтік құжаттары мен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары бар екендігі расталды», деп нақтылады Атырау облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта құрылыс қоқысын белгіленбеген жерге төккен автокөлік жүргізушісі және кінәлі лауазымды тұлғалар анықталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз