Атырауда үйде қараусыз қалған сәби құтқарылды (+ ВИДЕО)

okno Жаңалықтар

«Оқиға 30 мамыр күні болған» деп хабарлайды Atr.kz

«Түнгі сағат 02:53 шамасында Атырау қаласы, Авангард 3 м/а, №38 үйдің 4-ші қабаттың балконының бірінде кішкентай баланың жылап тұрғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына шұғыл түрде Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жетті.


Құтқарушылар бала тұрған балконға өрт сөндіру автосатысы арқылы көтеріліп, баланы аман-есен құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқару жұмыстары кезінде үйде баланың ата-анасы болмаған, Ерасыл есімді сәби үйде жалғыз қараусыз қалған.

Кейіннен Ерасылдың анасы полиция қызметкерлерінен баласын алып кеткен» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз