АТЫРАУДА ҚАТТЫ ЖЕЛ МЕН БҰРҚАСЫН КҮТІЛУДЕ

d5ef58d1 17ef 4835 9537 df204c0809cd Жаңалықтар

21 қараша күні Атырау облысының солтүстігінде бұрқасын болуы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

21 қарашада Атырау қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады. 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

– егерде сіз көшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналаңыз;

– қатты желден үйлердің қабырғаларына  қарай тығылмаңыз, өйткені, шифер және басқа да шатыр материалдары желмен ұшуы мүмкін;

– жоғары қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін;

-үзілген сымдарға жақындау қауіпті;

– сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болыңыз;

– үлкен ағаштардың жанында болу, сондай-ақ олардың жанына автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін;

– үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болған абзал; 

– автокөлік құралдары мен шағын қайық иелері тез өзгеретін ауа-райы жағдайларын  ескеруі тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз