ҮЗДІК ТАУАР ӨНДІРУШІГЕ – МАРАПАТ

Басты жаңалық

Бұл жолғы басқосу салтанатты сәттен басталды. Күн тәртібіне сәйкес бірінші кезекте соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Атыраудың үздік тауары-2013» конкурсының жеңімпаздары ұлығыланды. Марапаттарды иелеріне аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы тапсырды.
Осылайша, «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша бірінші орынды «Атырау Агро Өнімдері» шаруа қожалығы жеңіп алса, «Үздік өндірістік тауар» және «Үздік халық тұтынатын тауар» номинацияларында «Шеврон Мұнай Газ Инк» компаниясы мен «Қалиева А.» жеке кәсіпорны жеңімпаз танылды. Екінші және үшінші жүлделі орындарды «Інжу-Маржан», «Заман Групп», «Новус Силинг Каспиан», «Өнерпаз» ЖШС-тері және «Дәулетов Н.» жеке кәсіпорны еншіледі.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы байрақтар, байқауға белсенді қатысқандарға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған