Индерде Батыс аймақтық айтыс жеңімпаздары анықталды

img 3767 Жаңалықтар

Индерде Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығына орай өткен «Елім дейтін ұланбыз» атты мектеп оқушылары арасында Батыс аймақтық айтыс мәресіне жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Екі кезеңнен тұратын аймақтық айтыстың I айналымында 18 ақын жұптасып айтысса, II бөлімде ең жоғары ұпай жинаған 8 ақын сайысқа түсті.

img 3766

Нәтижесінде, маңғыстаулық Әмірхан Деконов Бас жүлдені иеленді. Ал жүлделі І орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Баян Бекзат, ІІ орынды атыраулық Марсель Ерсаинов пен Әбілмансұр Салават иемденді. Сондай-ақ атыраулық Әсемай Берік, Сафиа Біләл және Айгерім Сансызбай ІІІ орынды бөлісті. М.Мөңкеұлы атындағы арнайы жүлдемен М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің оқушысы Данияр Әзидолла марапатталды.

img 3765

Сонымен қатар сайыс қатысушылар мен жетекшілеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз