photo 2020 03 31 10 35 32

Әскери міндеттілерді шақыру – қауіпсіздік үшін керек

Айбын

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Президент әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру жөнінде Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін өте қажет деп ойлаймын.

Еліміздің әр азаматы үшін Отан қорғау – ең қасиетті парыз. Ата-бабамыз о заманнан бері ұшса, құстың қанаты, жүгірсе, тұлпардың тұяғы талатын ұлан-ғайыр жерді жаудан қорғап, біздерге аманаттады емес пе? Ендеше, сол дәстүр қазір жалғасын табуға тиіс деп санаймын. Осынау аумалы-төкпелі кезеңде ел қорғаны мықты болуы керек. Шартарапты шарлап кеткен қауіпті індеттің алдын алу үшін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.

Мәселен, қазір де Атыраудағы әскери бөлім құрамдары қаланы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл – өте құптарлық іс. Осының өзінен сарбаздардың осынау сын сағатта сырт қалмай, бір үйдің баласындай ортақ жұмысқа жұмысқа жұмылып жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да осындай ауызбіршілігімізден айнымай, ұйымдастырушылық қабілетімізді танытуға тырысайық.

Халықтың көрер күні ырыс, түні тыныш болсын десек, қуатты әскер дайындауымыз қажет. Міне, сонда ғана алдағы күнге алаңдамай, қалыпты өмірімізді жалғастырамыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының кешегі Қаулысы – өте орынды және шұғыл қабылданған шешім. Ендеше, жергілікті жердегі ұландарымызға біз де ел болып қолдау білдіріп, абыройларын асқақтатып, жігерлерін жануға тырысайық дегім келеді.

Нұржан Ермұханов,

«Елсана» руханият клубының жетекшісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған