«Атырау-Ақпарат» ұжымы «ЖайықМұнайГаз» қызметкерлерімен кездесті (ФОТО)

ANU 1785 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі қолға алған «Туған жер» атты этно-мәдени шарасы бүгін Исатай ауданында жалғасын тапты.

ANU_1785

Облыс өмірін баспасөз бетінде өрнектеп келе жатқан шығармашылық ұжымды аудан әкімдігінің өкілдері бастап қарсы алды. Бірлігі бекем, мерейі үстем шығармашылық ұжымның аудандағы сапары бүгін «ЖайықМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Салтанат Балғымбаев кен орнында мұнайшылармен кездесуден басталды. Мұнайлы өңір Атыраудың даңқын асқақтатып жүрген Салтанат Балғымбаев кен орнының мұнайшыларына Исатай ауданы әкімінің орынбасары Бейбіт Мырзағалиев және «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы бастаған бір топ қарымды қаламгерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша кеңінен әңгіме өрбітіп, жан-жақты түсіндірді.

ANU_1804

Облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов Президент мақаласындағы айтылған ойларға кеңінен тоқталса, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева Елбасы белгілеген басым бағыттар туралы әңгімеледі.

ANU_1799

Сондай-ақ, «Атырау» газетінің шолушысы Бақытжан Жұмат, «Прикаспийская коммуна» газетінің арнаулы тілшісі Қаршыға Көшековтер де рухани жаңғыруға бет алған мемлекетіміздің өміріндегі елеулі өзгерістерге тоқталды.

ANU_1757

Кездесу барысында аталмыш кен орнының мұнайшылары Елбасы мақаласына байланысты байланысты өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала білді.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз