Жарнама
Ауған соғысы: 35 жыл

«Қызыл жұлдыз» иегері Абат Далабаевты еске алды

Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Абат Далабаевты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин, Ауған соғысы ардагерлері Индер аудандық кеңесінің төрағасы Самат Айтимов, грек-рим күресі федерациясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Саламат Шыныбеков, Абат Далабаевтың бауыры Бекет Далабаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілген турнирге 38 бен 58 келі аралығындағы 10 салмақ дәрежесі бойынша ұлдар, 5 салмақ дәрежесінде қыздар боз кілемде белдесті. БҚО, Ақтөбе, Атырау облыстарынан 117 палуан қатысқан додада 52 палуан жүлдегер атанып, жеңіс тұғырынан көрінді. Оның ішінде 15 спортшы І, 15-і ІІ, 22-сі ІІІ орынға ие болды. Ал командалық есеп бойынша 1 орынды Индер ауданы, 2 орынды Атырау қаласы, 3 орынды БҚО-ның Ақжайық ауданы иеленді.

Айта кетейік, Абат Далабаев 1966 жылы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген. 1984 жылы алдымен Түркіменстан мемлекетінің астанасы Ашхабад қаласында әскери дайындықтан өтіп, кейін 1985 жылы Ауғаныстан мемлекетінің Газни қаласында әскери міндетін жалғастыра жүріп, сол жылдың 18 қыркүйегінде жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button