Атырауда Ауған соғысы ардагеріне қаржылай қолдау көрсетілді 

img 6229 Ауған соғысы: 35 жыл

Атырау облысы бойынша 435 ардагерге 150 000 теңгеден 65 млн 250 мың теңге төленді. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

– Атырау облысының әкімі С.Шәпкеновпен бекітілген Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған өңірлік іс-шаралар жоспары жасақталған болатын. Соған сәйкес, атаулы күнге орай соғыс ардагерлеріне 65 млн 250 мың теңге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр, – деді А.Мәмбетов. 

Сонымен қатар басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Ауған соғысына қатысқан барлық ардагердің өмір сүру деңгейі, тұрғын үй, материалдық көмек жағдайлары зерделеніп, қолдау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, өңірден Ауған соғысына 782 азамат қатысса, бүгінде 435 ардагер бар. Олардың 44-і әртүрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз